Теміржолда жол-көлік оқиғаларының саны артты

834

Осы жылдың сегіз айында теміржол өткелдерінде 14 ЖКО тіркелді. Үш адам жарақат алды. Апаттың негізгі себептері – жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы. Салыстыру үшін айтар болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 8 ЖКО орын алды.  

Теміржолда жол-көлік оқиғаларының саны артты

"ҚТЖ" ҰК" АҚ темір жол өтпелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Теміржолшылар оқиғалардың алдын алу үшін кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Өткелдерге күрделі жөндеу жүргізіліп, оларды қазіргі заманғы алдын алу және бөгегіш құрылғылармен жарақтау қолға алынған.

​"Жергілікті атқарушы органдардың қарауына қозғалысы қарқынды учаскелерде 58 автомобиль өтпесін салу қажеттілігі туралы ұсыныстар жіберілді. Әңгіме тәулігіне өткелдер арқылы орта есеппен 25 мыңнан астам автомобиль мен 80-ге жуық пойыз өтетін учаскелер туралы болып отыр. Сондай-ақ, ҚТЖ 140-тан астам өткелді "Сергек" бейнебақылау жүйесімен жабдықтауды ұсынды. Бүгінде қауіпті учаскелерде 13 бейнекамера орнатылған, оның ішінде 6 – "Сергек" жүйесі бар", - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шәкенов.

 Теміржолшылар желілік ішкі істер бөлімшелері қызметкерлерімен бірлесіп алдын алу науқандары мен рейдтер жүргізуде. Түсіндіру әңгімелері барысында жүргізушілерге өткелдерден өту кезінде жол жүру ережелерін сақтау керектігін қаперге салып отырады. Алайда, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, автокөлік жүргізушілері қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу