Теміржолда жолаушылар арасында ең жоғары сұранысқа ие бағыттар анықталды

137

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметін қорытындылады.    

Теміржолда жолаушылар арасында ең жоғары сұранысқа ие бағыттар анықталды Фото: rail-news.kz

Ең көп сұранысқа ие Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Өскемен және Астана – Ақтөбе бағыттары қалып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алғашқы үш ай ішінде ұлттық тасымалдаушы пойыздарын 3,2 миллионға жуық жолаушы пайдаланды.

Ең үлкен жолаушылар ағыны дәстүрлі түрде елдің үш ірі қаласында тіркелді. Мәселен, Астанаға теміржол көлігімен 503 731 жолаушы келді. Алматыға 485 757 адам, Шымкентке 194 450 жолаушы жолға шықты.

Теміржол көлігіне жоғары сұраныс дәстүрлі түрде еңбек демалысы маусымында, демалыста және мереке күндері – жазғы және қысқы кезеңдерде байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу