Теміржолдағы апаттарды фото-видеоға түсіруге болмайды деген тыйым күшін жойды

360

Бұл тапсырма Қазақстан Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді.

Теміржолдағы апаттарды фото-видеоға түсіруге болмайды деген тыйым күшін жойды Фото: Диапазон

ҚР Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және видеоға түсіруге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жойды, деп хабарлайды  Inbusiness.kz.

Оған сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

Мұндай шектеу ең алдымен теміржолдағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты.

Сонымен қатар әртүрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді.

Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу