Теміржолдағы локомотивтер 49 пайызға тозған – министр

715

Локомотивтердің орташа жасы – 21 жыл.    

Теміржолдағы локомотивтер 49 пайызға тозған – министр

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елдегі локомотивтердің тозу деңгейіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2014-2019 жылдары локомотив сатып алу көлемінің төмен болуына байланысты парктың дефицитіне әкелген еді. Соңғы жылдары локомотивтер паркін жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама іске асырылды. 2028 жылға дейін отандық өндірістегі жаңа локомотивтерді жеткізу жалғасатын болады. Қазіргі таңда локомотивтер паркі тасымалдау қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде локомотивтердің тозу деңгейі 74 пайыздан 49 пайызға дейін төмендеді. Қазіргі уақытта локомотивтердің орташа жасы 30 жылдан 21 жылға дейін қысқарды", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, локомотивтердің техникалық жағдайы жақсарып, дизель шығыны біраз қысқарды.

"Әлемдегі жетекші өндіруші Wabtec мәліметі бойынша ҚТЖ-ның локомотивтері 93 мемлекеттің арасында ең тиімді деп есептеледі. Өндірісті және сервисті локализациялауға ерекше назар бөлінген. Бұл жұмыстар отандық өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң әсерін тигізеді", – деді ол.

Жолаушылар вагондарын жаңарту жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды. Соңғы жылдары 650-ден астам вагон жаңартылған. 2030 жылға қарай жаңарту деңгейін 90 пайызға дейін жеткізу мақсаты тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу