Теміржолмен жолаушы тасымалы 21,4%-ға артты

Бұл туралы ҚТЖ жариялаған жыл қорытындысы бойынша ақпаратта жазылған. 

Теміржолмен жолаушы тасымалы 21,4%-ға артты Фото: Oqu.news

2022 жылдың қорытындысы бойынша 14 млн-нан астам жолаушы тасымалданса, бұл алдыңғысына қарағанда 21,4% артық. Жолаушылар айналымы 29,7% өсті.

14 жұп халықаралық пойыздың жүрісі қайта басталды. "Астана – Жезқазған" және "Алматы-2 – Жезқазған", "Астана – Қостанай" жолаушылар пойыздары іске қосылды. "Қонаев-Алматы" бағыты бойынша қала маңында маршрут ашылды.

"Жүк айналымы 252 млрд. ткм құраса, бұл 2021 жылғы деңгейден 5,3%-ке артық. Бұл Қазақстан тәуелсіздігі жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, ҚР мен ҚХР арасындағы тасымалдар көлемінің тарихи максимумы – 23 млн тоннадан асты. Контейнерлік транзит өткен жылмен салыстырғанда 6,0% - ға ұлғайып, 1 129 мың ЖФБ құрады", – деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу