Теміржолмен жүк тасымалдау көлемі 12 пайызға өсті

1922

Теміржолмен жүк тасымалдау көлемі 12 пайызға өсті

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ының сегіз айдағы жүк тасымалы көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға өскендігі байқалды, деп хабарлайды railways.kz.

Жыл басынан бері барлық негізгі жүк түрлерін тиеу көлемі 14,4% артса, оның ішінде астық пен ұн өнімдері  17% өскен. Астық пен ұн өнімдері Орталық Азия, Ауғанстан, Ресей, Иранға жөнелтілген. Экспорттық тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14% өсті.

Оның ішінде Қырғызстан (29%), Қытай (24%) және Ресей (15%) теміржолдарының әлеуетін пайдалану арқылы экспортқа шығарылған жүктер көлемі де көбейген.

2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда импорттық бағдардағы жүк көлемі де 24% өсті. Көршілес елдермен шекаралық Қытай ( 33%), Ресей ( 23%), Өзбекстан (16%) теміржол өткелдері арқылы да жүк тасымалы өскен.

Сонымен қатар транзиттік тасымал көлемі де өскендігі байқалды. Негізгі  Ченду- Достық- Лодзь бағдарына транзиттік тасымал көбейген.

Биылғы жылдың сегіз айында Қытай- Еуропа- Қытай бағдарында контейнерлік пойыздар саны екі есеге артты. Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 1,5 есеге артса, кері қарай тасымал көлемі екі есеге көбейді.

Компания қосымша жүктерді тарту мақсатында Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктерге тарифтік жеңілдіктер жасауда. Оның ішінде қара металл, тыңайтқыш, мақта, қант қызылшасы, кен өнімдері, түсті металл, жеміс-жидек пен мұнай өнімдеріне жеңілдік қарастырылған.

Оның сыртында, өндіріс тиімділігін көтеру, оңтайландыру, көлік кешені қызметін тоқтаусыз жүргізу үшін кешенді шаралар атқарылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу