Теміржолмен жүк тасымалының көлемі артты

742

Ал жолаушы тасымалы керісінше төмендеді.  

Теміржолмен жүк тасымалының көлемі артты

Әйтседе биыл бұл салада қызмет құны 4,9%-ға қымбаттады. Мәселен, өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш — 9,6% Шығыс Қазақстанда тіркелген, деп хабарлады energyprom.kz. 

Қызмет құны екі облыста арзандаған. Олар  Атырау (12,9%) және Қызылорда (1,2%) облыстары.

2020 жылдың қаңтар-қазанында теміржол көлігі саласындағы компаниялардың кірісі 
805,1 млрд теңгені құрады. Бұл соманың 95,3%-ы немесе 767,1 млрд теңге жүк тасымалына тиесілі. Ал жолаушы тасымалының үлесі бар болғаны 4,7% немесе 37,9 млрд теңге.

Аталған кезеңге теміржол көлігі қызметін 9,4 млн жолаушы пайдаланған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 48,6%-ға аз. Ал тек қазан айында пойызбен 1 млн жолаушы діттеген жеріне жетті. Осылайша өткен жылдың қазанынан көрсеткіш 41,6%-ға төмендеген.

Алайда биыл теміржол көлігімен 340,2 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,3%-ға жоғары. Тек қазан айының өзінде 37,8 млн тонна жүк жеткізілген. Осылайша көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 7,3%-ға өсті. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу