Теміржолшылар көмір тасымалы тарифін көтермейді

1963

Жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда.

Теміржолшылар көмір тасымалы тарифін көтермейді

Жыл басынан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының желілері бойынша 65 млн тоннадан астам көмір тиелген, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның 45,1 млн тоннадан астамы республика ішінде тасымалданған. Бұл былтырғы көлемнен 0,4%-ға артық. Тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне 5,5 млн тонна көмір жеткізілген. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.

Жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда. Оның ішінде тұтынушылар үшін 71,9 млн тонна жеткізілмек. Бұл көрсеткіш 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға жоғары.

"Қазақстан темір жолында" аталған жүк көлемін тасымалдауға қажетті  жылжымалы құрам саны жеткілікті. Сондай-ақ әртүрлі жеке меншік компаниялардан 54 мыңға жуық ашық вагон жұмылдырылды. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыңға жуық ашық вагон қолданылуда", – делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көмір тасымалы көлемін жыл бойына    біркелкі бөлу және күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемені азайту мақсатында көмір өндірушілердің қатысуымен облыс әкімдіктерінде отырыстар өткізілген.

"Облыс әкімдіктері мен көмір өндірушілер көмір тасымалы көлемін қайта бөлу бойынша міндеттемелер алды. Соның нәтижесінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалының көлемі 31%-ға артты. Сонымен қатар көмір жүгін жөнелтушілермен де отырыстар өткізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін тасымал көлемін орындау бойынша талап-тілек хаттамасы толтырылды. Бұл ретте "ҚТЖ" ҰК" АҚ вагон парктерін басқару операцияларын жүргізу үшін қойылатын мөлшерлеме көтерілмейтініне кепілдік береді", – делінген хабарламада.

Компанияда көмір тасымалы бойынша штаб құрылып, жүк жөнелтушілер өтінімін қанағаттандыру, сонымен қатар вагондар айналымын орындау бойынша тәуліктік бақылау қойылған. Жылу-электр орталықтары мен ГРЭС қоймаларындағы қатты отын қорының қалдықтарына, сондай-ақ халықта көмірдің бар-жоқтығына тәуліктік мониторинг жүргізілуде.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу