Теміржолшылардың зейнет жасын төмендету ұсынылды

1684

Теміржолшылардың зейнет жасын төмендету ұсынылды

Еліміздегі теміржолшылардың зейнет жасын төмендеткен дұрыс. Бұл ұсыныс Астанада өтіп жатқан "Ортақтастық. Ынтымақтастық. Жасампаздық" атты көлік мамандары кәсіподағының республикалық форумында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгінде теміржолшылар зейнетке 5 жыл ертерек шығуды сұрап отыр.

"Әсіресе сала жұмысшылары пойыз тіркеушілер мен вагонды қарайтын адамдардың денсаулығына қызмет барысында айтарлықтай зиян келеді. Сондықтан олардың зейнетке бұрынырақ шығуын қарастыру керек", - дейді мамандар.

Қазіргі кезде теміржол саласында машинистер үшін әлеуметтік жеңілдіктер ғана бар. 

"Мына ұлттық компания ҚТЖ-да салалық жәрдемақы деген бар. 58 жасқа келгенде біздің машинистермен оның көмекшілері олар өздері арыз жазып, сол жәрдемақыға кетіп, пенсияға жеткенше сол пособияны алып жұмыс істемеуіне болады. Енді тек машинистер, мұндай көмекті басқа жұмысшыларға қарастырсақ деген ұсынысымыз бар", - дейді ҚР теміржолшылар кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу