Тендердегі заңсыз бәсекелестік

949

Тендердегі заңсыз бәсекелестік

Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге бәсекелестерді ығыстырып шығару үшін тауарды әдейі арзандатуды қою керек деп мәлімдеді. Вице-министр Берік Шолпанқұлов кей бизнес өкілдері мемлекеттік сатып алулар кезінде жеңіске жету үшін ең төменгі бағаны ұсынады, ал ұтып алған соң сметаларын қайта көтеруді әдетке айналдырған . Бұл әсіресе мемлекеттік кешендерді салатын құрылыс компанияларына қатысты –дейді. Осыған байланысты енді құрылыс саласындағы тендерлерді өткізуге бақылау күшейту қажет деп есептейді. Себебі, бұл салада мұндай мәселенің көтеріліп отырғаны алғашқы рет емес екен.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары

"Менің атап айтқым келетіні ол кәсіпкерлерге қатысты. Ең алдымен қисынды бәсекелестік болу керек. Олар әдейі бағаны түсірмеуін қадағалауға тиіспіз. Инжиниринг пен құрылыс саласына жауапты адамдарға қатысты тексерісті күшейтеміз. Сондықтан Сіз ұсынған аз ақшаға ешкімде үй сала алмайды. Бағаны орынды қоюларыңызды сұраймын".

Айта кетейік бұған дейін кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу заңының 26-шы бабына қатысты өзгертулер енгізуді сұраған еді. Заңда көрсетілгендей кім ең төменгі мөлшерде баға ұсынса, сол ұтып алатыны жазылған. Ол кезде кәсіпкерлер мен қаржы министрлігі біржақты келісімге келе алмаған болатын.

Автор: Еркін Шәкірұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу