Тендерге қатысу үшін 40 фармкомпания өтінім берді

1360

Тендерге қатысу үшін 40 фармкомпания өтінім берді

"СК-Фармация" ЖШС-де 2018 жылға амбулаторлық және стационарлық деңгейде тегін ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибютерден сатып алуға жататын екі кезеңнен тұратын тендерге әлеуетті өнім берушілерден конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Үрдістің ашықтығын қосымша қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай дистрибьютор тендерлік рәсімге қатысу үшін ІІМ, бас прокуратура, ҚР ҰҚК, есеп комитеті, "Нұр Отан" партиясы өкілдеріне шақыру жіберген. ҚР ІІМ медициналық ұйымдарының және бейінді қауымдастықтардың өкілдері рәсімге бақылаушы ретінде қатысуға келісті.

Тендерге қатысу үшін барлығы 40 фармкомпания өтінім берді. Тендер аясында тұрғындарға тегін берілуге тиіс дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 484 ұстанымы көрсетілген. Бұлар вакциналар, туберкулезге қарсы препараттар, қант диабеті, вирусты гепатит және басқа да әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге, яғни емі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін препараттар.

Конверттерді ашу барысында "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрайымының міндетін атқарушы Әсемгүл Ержанова 2018 жылы алдын ала берілген өтінімдер бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 178 млрд теңгеге сатып алу жоспарланғанын мәлімдеді.

"Бүгін тендер 489 атау бойынша 82,4 млрд теңгеге жарияланды. Басқа позициялар бірыңғай дистрибьютордың тізімінен жарияланды, олар - бізбен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасаған фармөндірушілер шығарып жатқан препараттар немесе біз тікелей сатып алуды жоспарлаған Қазақстанда баламасы жоқ шетелде өндірілген дәрілік заттар", - деді Әсемгүл Ержанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу