Тендерлер айналасындағы дауларды шешудің ашық механизмін әзірлеу қажет – Президент

1044

Президент депутаттардан "Квазимемлекеттік сектордағы сатып алу туралы" Заң қабылдауды сұрады.  

Тендерлер айналасындағы дауларды шешудің ашық механизмін әзірлеу қажет – Президент Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өнімді анықтайтын әдістің өзін жетілдіру керек деп санайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтемемен.

Ал онда екіұштылық пен әртүрлі түсінік болмауы керек. Бұл өз кезегінде  өнеркәсіп саясатын дұрыс құруға, қолдау механизмдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сатып алу процесінің барлық кезеңдерін ашық өткізу маңызды жұмыстың бірі.

"Жұрттың сатып алу жоспары мен шарттары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмауы, құпия сөз байласып шешім қабылдау деген сияқты әрекеттің бәрі өткен күннің еншісінде қалуға тиіс. Бұл маңызды мәселеде оң өзгерістер басталғанын айта кеткім келеді. Аталған саланы цифрландыру "қисынсыз" шешімдерді тез анықтауға және сүзгіден өткізуге, артық бағалардың алдын алуға және сапалы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Тендерлер мен конкурстық комиссиялардың шешімдері арасында келіспеушілік туындаған жағдайда ондай дауларды шешудің ашық механизмін әзірлеу қажет. Осы және басқа да аспектілер "Квазимемлекеттік сектордағы сатып алу туралы" Заңда бекітілуі керек. Заң жобасы Парламентке жіберілді. Депутаттардан мұны осы сессияда мұқият қарап, қабылдауды сұраймын", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу