Қазақстан қор биржасындағы (KASE) саудада сағат 16:00-дегі көрсеткіш бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы сәрсенбімен салыстырғанда 1,7%-ға (8,11 теңгеге) әлсіреп, 466,31 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Кurs.kz мәліметтері бойынша, елорданың ақша айырбастау орындарында долларды сатудың максималды бағамы 16:05-те 469 теңге, Алматыда 468 теңге болды. Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы 1 долларға 458,2 теңгені құрайды.
Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу