Теңге айналымға енгеннен бері 78 есе құнсызданған

987

Бүгін төл теңгенің айналымға енген күні.

Теңге айналымға енгеннен бері 78 есе құнсызданған

Еске салсақ, осыдан тура 25 жыл бұрын Ұлттық валютаны "теңге" деп атауды ұсынған  Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы Сауық Тәкежанов еді. Ал алғашқы ақшамыз Ұлыбританиядағы шағын ғана "Харрисон және ұлдары" деген фабрикада шығарылды. Содан бері төл теңге 78 есе құнсызданды. Сондай-ақ, дизайы бірнеше рет өзгеріп, ол әлемдегі ең үздік банкноттардың ондығына кірді. Мәселен 2011 жылдан бастап, 3 жыл қатарынан 10 мың, 5 мың және Күлтегін бейнесі бар 1 мың  теңгелік купюра Халықаралық банкноттар байқауында 1-орын иеленген.

Айта кетсек, бүгінде қолданыста 18 трлн теңге бар. 

"Ол тәуелсіздігіміздің, экономикалық қауіпсіздігіміздің тағдыры. Сондықтан теңгені қолдау керек. Бәріміз құрметтеу керекпіз. Кейбіреулер бостан-босқа теңгесін жүгіріп барып долларға айырбастайды. Сөйтіп, долларға сұраныс себепсізден ұлғайып отыр. Енді кейбіреулерде үрей бар. Ойбай қазір түсіп кетеді, мен алуым керек. Осындай психологиядан арылуымыз керек. Әйтпесе біз теңгемізді мүлде құнсыздандырып, айырыламыз", - дейді экономист Жангелді Шымшықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу