Теңге апта басындағы көрсеткішті қайталады

561

Теңге апта басындағы көрсеткішті қайталады

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 25 тамыздағы доллардың орташа бағамы 332,48 теңге болды. 24 тамыздағы таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда, ұлттық валюта 1,26 теңгеге төмендеді. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

24 тамыздағы доллардың орташа бағамы 330,85 теңге болып, теңге құны 2,47 теңгеге жоғарылаған еді. Алайда ұлттық валюта тұрған орнынан тайқып, позициясын беріп қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу