Теңге аптаны нығаюмен аяқтады

KASE-де доллар 465,14 теңгені құрады. 

Теңге аптаны нығаюмен аяқтады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жұма күнгі сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,6%-ға (2,99 теңгеге) нығайып, 1 доллар үшін 465,14 теңгені құрады.

Бейсенбіде орташа сараланған бағам 1 долларға 468,13 теңге болды.

4-6 қарашада ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 465,14/$1 болады.

Еліміздің ақша айырбастау орындарында доллар 464-467 теңге аралығында саудалануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу