Теңге аптаны өсіммен аяқтады

904

Теңге аптаны өсіммен аяқтады

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM, EURUSD_TOM и USDKZT_0_001 қаржы құралдарымен сауда-саттық АҚШ-та 20 ақпан мереке күні болғандықтан жүргізілген жоқ  (Джордж Вашингтонның туған күні).

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы 318,40 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі –  66 900 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар сәтте сұраным бір еуроға 338,70 теңгені құрады,  ұсыным – бір еуроға 339,20 теңгені құрады;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы бір рубльге  5,5380 теңгені құрады, сауда-саттық  көлемі 28 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 318,61 теңгені (-0,81) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 120 000 мың

(+2 600 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық  +6,1680 %  құрады, сауда-саттық көлемі 2 022 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу