Теңге бағамы 1,64 теңгеге әлсіреді

673

Бұл туралы KASE мәлім етті.  

Теңге бағамы 1,64 теңгеге әлсіреді Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттықтарында дүйсенбіде теңгенің долларға қатысты орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,3%-ға (1,64 теңгеге) әлсіреді. Осылайша 1 доллар үшін 452,43 теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.

Жұма күні орташа бағам 1 АҚШ доллары үшін 450,79 теңгені құрады.

13 ақпандағы ресми бағам бойынша бір доллар үшін 450,79 теңгені құрап отыр.

Ресми курсты анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, 14 ақпанда ол 1 доллар үшін 452,43 теңгені құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу