Теңге бағамы 5,5 айдағы ең жоғары деңгейге нығайды

23 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің белгілеген доллар бағамы 448,61 теңгені құрады. 

Теңге бағамы 5,5 айдағы ең жоғары деңгейге нығайды Фото: inbusiness.kz

Бұл – 2023 жылдың 15 тамызынан бергі ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Кредиттік бюроның telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жалпы, ай басынан бері ұлттық валюта америкалық валютаға қатысты 5,95 теңгеге нығайды. Мұндай динамика Ұлттық қордан долларды айырбастау көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ, тұтынушылық және іскерлік белсенділіктің төмен болуына байланысты жыл басындағы тауарлар импортының дәстүрлі төмендеуі аясында байқалады.

Еуроға қатысты теңге де қымбаттап барады. 23 қаңтардағы еуропалық валютаның ресми құны – 488,76 теңгені құрайды. Бұл жағдайда ең төменгі мән 2023 жылдың 7 тамызынан бастап тіркеліп келеді.

Ал рубльге қатысты жағдай сәл басқаша. Оның бағамы 5,11 теңге болып белгіленді. Өткен күнмен салыстырғанда, көрсеткіш 0,02 теңгеге өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу