Теңге бағамы қандай факторларға байланысты нығайды?

Ақпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 3,2%-ға күшейді. 

Теңге бағамы қандай факторларға байланысты нығайды? Фото: Liter.kz

Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығы бойынша ай сайынғы есебінде жазылған.

Ақпан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,66 теңгеге дейін 3,2%-ға нығайды.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 103-тен 130 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрады.

"Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болып, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты. Бағамның нығаюы "салық кезеңі" факторымен және шетелдік инвесторлардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға кіруімен де байланысты болды", – деп жазылған хабарламада.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы өткен айда шамамен 295 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды дербес жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу