Теңгенің күрт әлсіреуіне себеп болатын алғышарттар жоқ – Олжас Бектенов

130

Үкімет базалық сценарийге сүйеніп отыр.

Теңгенің күрт әлсіреуіне себеп болатын алғышарттар жоқ – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Прмьер-министр Олжас Бектенов девальвация күтіліп отырған жоқ екенін баса айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Валюта бағамы нарықтағы факторларға байланысты қалыптасады. Ұлттық банк араласпайды. Бүгінде біздің және беделді сарапшылардың бағалауы бойынша теңге бағамының күрт әлсіреуіне себеп болатын алғышарттар жоқ", – деді Олжас Бектенов. 

Сөзінше, атқарушы билік республикалық бюджетке қатысты параметр кезінде базалық сценарийге сүйеніп отыр. Мұнда доллар бағамы 540 теңге, ал мұнайдың баррелі үшін 60 доллар деп белгіленген.

"Пессимистік сценарий де бар. Егер мұнай бағасы 50 долларға дейін төмендеп кетсе, онда басқа тетіктер қолданылады. Бірақ қазіргі жағдайда базалық сценарий шындыққа жақынырақ деп есептейміз", – деді ол.

Тілшілер "Девальвация күтіле ме?" деп нақтылады.

"Девальвация күтіліп отырған жоқ. Теңге бағамы күрт әлсірейді деп күтіп отырған жоқпыз", – деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу