Ол мұнайдың қымбаттауы теңге бағамына оң әсерін тигізбей жатқанын жариялады.
"Мұнай бағасының бір баррель 84,4 долларға дейін немесе 7,5%-ға өскеніне қарамастан, экономикалық белсенділіктің қалпына келуі мен фискалдық серпіннің жалғасуымен қатар ұлттық валюта бір айда бір АҚШ доллары үшін 427,15 теңгеге дейін немесе 0,3%-ға әлсіреді", – деді Ерболат Досаев.
Ұлттық банк төрағасы Ресей тауарының импорты жылдық мәнде 2,4%-дан 36,1%-ға дейін ұлғайғанын айтты.
"Бұл қазанда теңге бағамының бір рубль үшін 6,5 теңгеге дейін немесе 3,4%-ға әлсіреуіне алып келді", – деді Ерболат Досаев.
Оның сөзінше, базалық ставканың өсуі теңгедегі борыштық құралдардың тартымдылығын сақтайды, оған бейрезиденттердің қазанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздарға салған салымдарының 863 млрд теңгеге жетіп, 75 млрд теңгеге өсуі дәлел.
"Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасының қосымша ұсынысы нарықтың өтімділігін жақсартуға және сұранысты ішінара қанағаттандыруға ықпал етеді", – деді Ерболат Досаев.
Ұлттық банк төрағасының түсіндіруінше, әзірше импорттың өсуі аясында валютаға орнықты сұраныс, оның шектеулі ұсынысы және сыртқы нарықтағы құбылмалылығы теңге бағамына қысым жасауын жалғастырады.
Қанат Махамбет