Теңге бағамы нығаяды - сарапшы

1186

Теңге бағамы нығаяды - сарапшы

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 310-315 теңгеге дейін түсуі мүмкін.  Ал доллардың қазіргі күшеюі уақытша құбылыс.  Бұл туралы Фридом Финанс инвестициялық компаниясының басшысы айтты, деп хабарлайды Atameken TV.

Тимур Турловтың сөзінше мұнайды жоғарғы котировкаларына қарамастан, теңге рубльдің әсерінен әлсіреп жатыр. Ал рубльдің құлдырауына АҚШтың Ресейге салып жатқан санкциялары себеп. Оның үстіне Ресейдегі базалық ставканы 7 пайызға түскеннен кейін, шетелдік инвесторлар ресейлік мемлекеттік облигацияларды жаппай сатып  жатыр. Осының салдарынан рубль 10 пайызға құлдыраған.

Турловың пікірінше, теңгенің девальвациясына әуел баста еш себеп болмаған және қазір де жоқ. Бірақ рубльдің тағдырын теңгенің қайталау дұрыс құбылыс емес. Өйткені бізде шетелдік капиталдың көлемі айтарлықтай көп деуге болмайды.

"Менің ойымша, екінші жарты жылдықта теңгенің күшейуіне барлық мүмкіндік бар. Егер мұнай қазіргі бағасын сақтап қалатын болса, онда доллар 310-315 теңгеге дейін түсуі әбден мүмкін.  Бұл теңгелік капиталы бар инвесторларға жақсы табыс әкеледі", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу