Теңге бағамы тағы теңселді

902

Доллардың орташа бағамы 346,98 теңге болды.  

Теңге бағамы тағы теңселді

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 30 шілдедегі доллардың орташа бағамы 346,98 теңге болды. Forex Club-тың мәліметіне сүйенсек, сауда көлемі $ 19,05 млн-ға өсіп, $ 72,35 млн құраған, барлығы 143 мәміле жасалды. Ең төменгі мәміле 346,5 теңге деңгейінде, максимум - 347,3 теңге жасалған.

27 шілдедегі таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда (345,84/$1) ұлттық валюта бағамы 0,83 теңгеге төмендеді. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.      

Қазақстан валютасы әлемдегі геосаяси шиеленістің қысымында қалуда, сондай-ақ мұнайдың әлемдік бағасының өзгеруіне тәуелді болудан жақын арада құтылмайды.
Теңгеге әсіресе АҚШ-тың "уранға қатысты дауы" әсер етуде. АҚШ уран өндірісін өздігінен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан, Ресейден келетін уранды импорттауға жоғары баж салығын енгізбек.
Нарық қатысушылары бұл "сценарийдің" бет алысынан қауіптеніп отыр, себебі соңғы уақытта АҚШ, Қазақстан және Еуропа елдерінің сауда қатынасындағы жағдай күрделене түсті.

Мұнайдың әлемдік бағасы кез-келген жаңалыққа "жауап" беріп, тербеліп тұр. Мысалы, елдегі шикізат жеткізілімінің қысқару немесе ұлғаю ықтималдығы немесе Америка Құрама Штаттарындағы мұнай қорына қатысты тырс еткен жаңалықтар эталон маркалы қара алтын бағасына бірден әсерін тигізуде.
АҚШ энергетика министрлігінің бұрын жарияланған статистикасы соңғы жылдары "қара алтын" қорларының рекордтық төмендеуін көрсетті.

Қазақстанның қаржылық органдары бұған дейін 2018 жылы теңгенің долларға қатысты әлсіреуі болатынын, алайда ол экономиканың әлсіздігінен емес, сыртқы факторлардың әсерінен деген еді

Теңгенің жақын арадағы долларға шаққандағы бағамы шамамен 1-1,5 теңгеге төмендеуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу