Теңге бағамы түсіп кетті

1608

Әлемдік мұнай бағасы да құлдыраған. 

Теңге бағамы түсіп кетті

9 наурызға қараған түні ОПЕК келісімінің бұзылуы кезінде мұнай бағасы құлдырап кетті. Brent маркалы мұнай 30% арзандап, барреліне 34 долларға дейін төмендеді, WTI бағасы барреліне 30 долларға дейін түсті. Бағаның бұлай құлауы 1991 жылғы "Шөлдегі дауыл" операциясы кезінен бергі ең нашар көрсеткіш болғанын Investing.com мәлім етті.

Халықаралық форекс-нарығында мұнай бағасының құлдырауы салдарынан АҚШ доллары мен еуро айтарлықтай көтерілген.

Әлемдік мұнай бағасының құлдырауы туралы жаңалық шыққаннан кейін, елімізде 9 наурыз күні валюта айырбастау пунктілерінде доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Таңартең 1 доллар 400 теңгеге жетсе, 1 еуро 450 теңгеге бағаланды. Дегенмен, түске қарай валюта бағамы сәл төмендеді. allbanks.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында валюта айырбастау пунктілері 1 долларды орташа алғанда 391.53 теңгеден сатып алуда. Алайда АҚШ валютасын сату көп жерде тоқтаған. 1 евроны валюта айырбастау пунктілері орташа алғанда 438.71 теңгеден сатып алуда, сату – 450.9 теңге.

Айта кету керек, ресми валюта сауда-саттығы демалыс күндерінен кейін, 10 наурызда ғана жалғасады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу