Теңге бағамына қысым көрсетілді

808

Өткен айда еліміздің 13 өңірінде жылдық инфляция ерекше қарқынмен өсті. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Теңге бағамына қысым көрсетілді

"Қыркүйекте дизель отынына бағаның өсуі 3,8%-ды құрады, ал жекелеген облыстарда 10%-дан асты. Өндірістің өсуіне, сондай-ақ экспорттың тоқтатылуына қарамастан, инфляциялық қысымды күшейтетін және басқа тауарларға жанама әсер ететін дизель отынының тапшылығы байқалды", – деді Ерболат Досаев. 

Ұлттық банк төрағасы мұнай бағасының өсуіне қарамастан, ішкі нарықтағы сұраныс теңгенің айырбас бағамына қысым көрсетіп жатқанына тоқталды. 

"2021 жылғы 9 айда биржада екінші деңгейлі банктердің сатып алуы 19%-ға ұлғайды және 2021 жылғы 7 айда тұтыну тауарлары импортының 25%-ға ұлғаюы аясында орташа алғанда айына 2,6 млрд долларға жетті. Фискалдық ынталандыру, зейнетақы жинақтарын пайдалану да импорттың ұлғаюы мен шетел валютасына деген сұраныстың өсу факторына айналды", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу