Теңге бағамының құбылуына алып-сатарлар әсер еткен

827

Теңге бағамының құбылуына алып-сатарлар әсер еткен

Теңге бағамының құбылуына алып-сатарлардың әрекеті әсер еткен. Бүгін "Қазақстан Халық банкі"-нің Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова теңгенің күрт құнсызданып, қайта тұрақтауына қатысты осындай пікір білдірді.

Қаржыгердің пайымдауынша, қазір ұлттық валютаның арзандауына ешбір негіз жоқ. Биржадағы сауда-саттық та қалыпты жағдайда жүруде.

Еске салсақ, екі күн бұрын АҚШ ақшасы 10 теңгеге дейін қымбаттап, 1 доллар ақша айырбастау бөлімдерінде 343 теңгеге дейін сатылған еді. Бірақ кейін қайта төмендеген. Бүгінгі саудада 335 теңге шамасында тұр. Үміт Шаяхметова "доллардың 400 теңге дейін барады екен" деген ел арасында тараған сөздің де негізсіз екенін жеткізді.

Үміт Шаяхметова, "Қазақстан Халық банкі" АҚ басқарама төрайымы:

"Меніңше, соңғы екі күнде орын алған жағдай алып-сатарлардың тудырып отырған әрекеті. "Доллар бағымы 400 теңгеге дейін барады" екен дегенді клиенттер тарапынан да, әлеуметтік желіден де естіп жатырмын. Бірақ болай болмайды. Ұлттық банк теңгенің негізгі межесін де бақылап отыр. Сондықтан бұл дақпырт. Бүгін де ұлттық валюта тұрақтағанын да байқадық".

Сондай-ақ, бүгін "Халық банкі" пен "Қазпошта" арасында ындымақтастық жөнінде өзара меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес, енді Қазақстанның шалғай ауыл аймақтарында, яғни банк бөлімшелері жоқ жерлерде "Қазпошта" қызметі "Халық банктің" міндеттерін атқаруы тиіс. Онда депозит ашу, несие беру, төлем жасау сынды қаржылық операциялар орындалады.

Айта кетсек, "Қазпошта"-ның республика бойынша 3400 бөлімшесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу