Теңге бағамының құлдырауына негіз жоқ – Ұлттық банк

1375

Бас банк алыпсатарлық валюталық операцияларды жүзеге асырмауға шақырады.

Теңге бағамының құлдырауына негіз жоқ  – Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақты екендігін және теңге бағамын төмендетуге негіз жоқ екендігін хабарлады.

"Теңгенің бағамын қалыптастыру іргелі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен жалғасады, олар қазіргі уақытта қолайлы қалыптасып отыр: мұнай бағасы мұнайдың баррелі үшін 65-70 АҚШ доллары ауқымында тұр, Ресей рублі нығаю үрдісін көрсетіп, экономикалық өсу қарқыны орнықты болып қалуда, төлем балансының жай-күйі тұрақты", – делінген хабарламада.

Теңгенің ағымдағы бағамы тұрақты және Қазақстан қор биржасында Қазақстан Ұлттық банкінің қатысуынсыз қалыптасады. Валюта нарығындағы ықтимал құбылмалылық іргелі факторлардың әрекетіне негізделмеген және қысқа мерзімді сипатта ғана болуы мүмкін. Осы жағдайларда Ұлттық банк ықтимал шығындарды болдырмау үшін валютаны сатып алу мен сату бойынша баға белгілеудің айырмасында, сол сияқты теңгенің валюталық бағамын түзету нәтижесінде де алыпсатарлық валюталық операцияларды жүзеге асырмауды ұсынады.

"Қазақстан Ұлттық банкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуалды бақылап отыр. Айырбастау пунктерінде валюталарды айырбастау бағамын көтеру жағдайлары туындаған кезде Қазақстан Ұлттық банкінің филиалдары оларды қарауға және нарықты тұрақтандыру бойынша қажетті жедел әрекет қабылдауға дайын", ­– делінген бас банк хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу