Теңге банкноттарына Ұлттық банк төрағасының қолы қайта қойылады

500

"Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Президент Жарлығына өзгерістер әзірленді.

Теңге банкноттарына Ұлттық банк төрағасының қолы қайта қойылады Фото: national Bank

Жарлық жобасымен банкноттардың дизайнын Ұлттық Банк төрағасының қолы түріндегі жаңа элементпен толықтыру ұсынылып отыр, деп жазады inbusiness.kz. 

Бұл мемлекеттің орталық банкінің шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беруді қамтамасыз етуі бойынша функцияны күшейту, сондай-ақ банкноттарды қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында енгізіліп отыр. Аталмыш тәжірибе бірқатар елдерде, атап айтқанда Еуроодақта, сондай-ақ Англия, АҚШ пен Сингапурда қолданылады. 

"Сонымен қатар банкноттардың дизайнын жалған ақша жасау үшін жауаптылық туралы ескерту түріндегі жаңа элементпен толықтыру ұсынылады", - делінген құжатқа берілген түсіндірме жазбада.

Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық салдарға, сондай-ақ республикалық бюджеттен шығыстарға алып келмейді.

Құжатты көпшілік талқылау 24 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кету керек, 2016 жылдан бастап теңге банкноттарында Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасын қою туралы талап алынып тасталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу