Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 29 мамырдағы доллардың орташа бағамы 329,13 теңге болды.
28 мамырдағы таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда (329,76/$1) ұлттық валюта бағамы 0,63 теңгеге нығайды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу