Теңге девальвациясына ешқандай негіз жоқ – вице-министр

240

Министрлік елімізде девальвацияға ешқандай негіз жоқ деп отыр. 

Теңге девальвациясына ешқандай негіз жоқ – вице-министр Фото: inbusiness.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов доллар, еуро бағамдарының көтерілуі немен байланысты екенін және оның ұлттық валютаға әсері туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Өздеріңізге белгілі, ұлттық валюта тұрақты. Әрине, оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Басқа валюта сияқты ол да елдің экспорты мен импортына байланысты болады. Сондықтан осындай ықпалдан бағам өзгеруі мүмкін. Алайда жалпы ұлттық валютаның тұрақтылығын көріп отырмыз. Теңгеде депозиттердің кірістілігі инфляцияны есепке алғанның өзінде шетелдік валюталарға қарағанда анағұрлым көп. Өз басым ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін", - деді вице-министр Сенат кулуарында.

Сөзінше, девальвацияның болмағанына біраз болды. 

"Себебі девальвацияның пайда болуына нақты негіздер болуы тиіс. Бүгінде ол жоқ. Биыл біздің экспорт көлемі былтырғыға қарағанда жақсырақ, импорт түсті. Қазір сауда балансы оңтайлы деңгейде. Девальвацияға ешқандай негіз жоқ", - деп атап өтті Арман Қасенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу