Теңге динамикасы тоқсандық салық төлемдері мен әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады - Ұлттық банк

Реттеуші икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.   

Теңге динамикасы тоқсандық салық төлемдері мен әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады - Ұлттық банк Фото: inbusiness.kz

Қазанда Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған өтінімдеріне байланысты болады.

"Ұлттық банктің алдын ала жоспарына сүйенсек, қазан айында қажетті трансферттер сомасы бойынша Қаржы министрлігінің қолда бар болжамдық бағдарлары негізінде Ұлттық қордан 1,5 млрд-тан 1,6 млрд АҚШ долларына дейін валюта сатуды көздейді. Қазан айында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу – 100 млн-нан 150 млн АҚШ долларына дейін, ҚДКҚ активтерінің валюталық үлесін арттыру үшін валюта сатып алу – 50 млн-нан 70 млн АҚШ долларына дейін болады деп күтілуде", – деп хабарлады бас банк.

Ұлттық банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді.

"Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", – деп хабарлады бас банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу