Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі саудасының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 3 теңгеге нығайды.
Жұма күндізгі сауданың қорытындысы бойынша бағам 1 доллар 465,93 теңге болды.
Бүгінгі KASE-дегі саудада доллар бағамы 462,88 теңгеге дейін төмендеді.
Осылайша, төл валютамыз 3,05 теңгеге нығайды.
Ұлттық банктің 11 қыркүйектегі ресми бағамы долларға 466,29 теңге болды.
kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 461 теңгеден сатып алып, 465 теңгеден сатуда.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 462 теңгеден сатып алып, 465 теңгеден сатуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу