Бүгін төл валютамыздың АҚШ долларына шаққандағы бағамы жарты пайызға түсіп кетті. Оған мұнайдың күрт арзандауы және рубльдің құнсыздануы әсер етті, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазір курс – 379 теңге, 78 тиын. Бір жыл бұрын осы уақытта 1 көк қағаз 374 теңгеге сатылған еді. Жыл басталғалы ең жоғары көрсеткіш – ақпан айында тіркелді.
Таң атқалы екінші деңгейлі банктер АҚШ валютасын 382 теңгеге айырбастап жатыр.
ТМД елдері бойынша кірісі жоғары активтер тізімінде теңге – бесінші орында. Көшті Арменияның драмы бастап тұр. Содан кейін Әзербайжанның манаты, үшінші орында Беларусь рублі, сосын Грузия лариі. Ресей рублі Қырғызстан мен Молдава влютасынан кейін 8-орынға жайғасқанымен, дамушы нарыққа кіретін елдер бойынша Болгария мен Исландиядан кейін үшінші орында.
Әлем елдері бойынша, кірісі жоғары активтердің үштігінде – Никарагуа, Мадагаскар және Француз Полинезиясының франкы кірген.
Валютасының кірісі төмен елдер қатарында Швеция, Чехия, Албания бар.