Теңге екінші күн қатарынан нығаюда

649

Мұнай бағасы өсті. 

Теңге екінші күн қатарынан нығаюда

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бойынша алғашқы мәмілелер 451 теңгеден жасалуда, деп жазды inbusiness.kz.

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы биржасындағы сауда-саттықтың ашылуынан бастап 10 теңгеге дерлік нығаюда.

Сарапшылардың пікірінше, доллардың бұлай әлсіреуінің негізгі факторы мұнай бағасының айтарлықтай өсуімен байланысты. Қазіргі уақытта Brent маркалы "қара алтынның" бағасы 1,26%-ға қымбаттап, барреліне 112 долларды құрады. 

Еске сала кетсек, өткен аптада теңге 2-3% шамасында күрт әлсіреді. Биржада мәмілелер 440 теңгеден 470 теңгеге дейінгі аралықта жасалып, ақша айырбастау орындарында бағам күрт өсті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу