Теңге - Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі маңызды валюталардың бірі

744

ЕЭК 27 желтоқсандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Теңге - Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі маңызды валюталардың бірі Фото: inbusiness.kz

ЕЭК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, теңге Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі өзара төлем жасауда екінші маңызды валюта болды.

Оның үлесі 2015-2021 жылдары 0,6%-дан 1,4%-ға дейін өсті. Рубль 70% құрайды. Басқа қатысушы елдердің валюталары 1%-дан аз. Қалған үлес доллар мен еуроға тиесілі.

Енді ЕАЭО статистикасын құрастыру кезінде тек АҚШ доллары ғана емес, мүше мемлекеттердің ұлттық валюталары да бірыңғай есеп айырысу бірлігі ретінде пайдалануға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу