Теңге ілуден II Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

810

Теңге ілуден II Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Елорда іргесіндегі Қазанат атшабарында өткен теңге ілуден II Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Оған 9 мемлекеттен 10 спортшы қатысты, деп хабарлайды 24. kz.

Сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандардың, атты ауыздықтауы мен ептілігі сынға түсті. Қанымызға сіңіп, дәстүрімізбен біте қайнасқан бұл спортта жігіттеріміз алдына жан салмады. Бірінші орынды еліміздің намысын қорғаған Сапарбек Мағжан, екінші орынды Ізжанов Ғалымжан иеленді. Ал үшінші орын қырғызстандық спортшыға бұйырды.

Бірінші орынға 1 жарым миллион, екінші орынға 700 мың, үшінші орынға 500 мың көлемінде жүлде берілді.

Сондай-ақ аударыспақтан III Азия чемпионаты басталып, іріктеу кезеңі өтті. Бұл спорт түрінде 44 спортшы бес салмақ дәрежесінде бақ сынасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу