Жыл басталғалы әлем бойынша кірісі жоғары активтер қатарынан көрінген теңге бүгін ТМД елдері бойынша кірісі төмен валюталар қатарынан көрінді. Қазір оның долларға шаққандағы бағамы – 378,53, деп хабарлады Atameken Business.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша Ресей рублінің кірісі жоғары. Екінші орында – Армения драмы, содан кейінгісі – Әзербайжанның манаты.
Кірісі төмен активтердің көшін Өзбекстан валютасы бастайды. Біздің теңгенің кірісі 0,33 пайызға түскен.
Әлем бойынша Эфиопияның быры кірісі жоғары валюталар тізімін бастап тұр.
Қор индекстері күрт құлдыраған соң, күміс пен алтынға деген сұраныс өскен. Кірісі төмен валюталар қатарында Свазилендтің лилангениі, Австралия доллары және Сейшель рупийі бар.