Наурыздың 16-сы коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдай енгізумен қатар теңгенің құлдырауымен де есте қалды. Ақша айырбастау орындары кеше таңертең көк қағазды 415-тен сатып отырған, түске таяу АҚШ доллары 440 теңгеден асып түсті.
Ақшамыздың құлдырауы көліктер бағасына әсер ететіні хақ. Әзірше қымбаттаған жоқ, дилерлер наурыздың 19-на дейін бағаны ұстап тұруға уәде берді. Бірінші кезекте импорттық көліктердің құны көтеріледі, артынша Өскемен және Қостанайда шетелдік машинокомплектілерден құрастырылатын көліктердің бағасы шарықтайды.
Мәлімет бойынша, 2018 жылы жаңа автомобильдердің бағасы 11%-ға, 2019-да 6.3%-ға өскен. 2020 жылы машиналар қаншаға қымбаттайтынын мамандар әзірге тап басып айта алмай отыр.
Олжас Оқас