Теңге күннен-күнге нығаюда

735

Доллар 396 теңгеге дейін арзандады. 

Теңге күннен-күнге нығаюда

Бүгін төл валютамыздың АҚШ долларына шаққандағы бағамы – 396 теңге 77 тиынға тең келді.  Қазір екінші деңгейлі банктерде бір "көк" қағаз 399 теңгеге сатылып жатыр. Өткізсеңіз 396 теңге аласыз.  Америкалық валютаның құнсыздана бастауы бірнеше күн қатарынан теңгенің ТМД елдері бойынша кірісі жоғары активтер қатарынан көрінуіне мүмкіндік берді.

Қазір ол бесінші орында тұр. Рубль Қырғызстан және Молдова валюталарына жол берген. Дамушы нарық бойынша да  кірісі жағынан Аргентина песосынан кейін тұр. 

Блумберг терминалы ұсынған ақпаратқа назар аударсақ, 3-тоқсанда доллар – 400-427 теңгеге саудаланады. Жыл соңына дейін осы көрсеткіш сақталады. Келесі жылы бағам кемі 393 -419 немесе  422-479 аралығында болуы ықтимал.  Екі жылдан кейін 534, 2023 жылы 596, сосын 620 болады деген болжам бар. Бұл – қазіргі көрсеткіштер негізінде жасалған есеп және бар болғаны болжам екенін еске саламын.  Кеше сауда 401 теңге 65 тиын болып аяқталды. Екі күн бұрын АҚШ валютасы 410 теңгеге сатылған еді. Қазір  396 теңгеден асты.  Экономистер келесі айда теңге қайта құнсыздануы мүмкін екенін айтып отыр. Төл валютаның нығаюы уақытша құбылыс. Әлемдік нарықта қара алтын бағасының көтерілуі мұнай өндіруші елдердің валютасына оң әсер еткен. Карантинге байланысты кейінге шегерілген салық төлеу мерзімі  қайта жанданды. Тиісінше, ішкі нарықта теңгеге сұраныс артқан. Тағы бір мәселе, пандемия салдарынан демалысын шетелде өткізетіндер қатары азайды. Сондықтан, көк қағаз сатып алуға келгендер легі бұрынғыдай емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу