Теңге, мұнай және базалық мөлшерлемеге қатысты жаңа болжам жасалды

1067

Теңге, мұнай және базалық мөлшерлемеге қатысты жаңа болжам жасалды

Осы айда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені түсірмейді. Бұрынғыша 10,5 пайыздың деңгейінде сақталады. Ал жыл соңына қарай тағы жарты пайызға төмендеуі мумкін. Мұндай болжамды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары айтты.

Алдағы дүйсенбіде, яғни 21 тамызда Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешімін айтады. Ал қауымдастық жүргізген сауалнамаға қатысқан 28 сарапшының пікірінше, мұнай бағасы аздап өсіп, ал рубль , керісінше әлсіреуі мүмкін. Сондай-ақ, жұмсақ девальвациялық үрдістер басталады. Айдың соңына дейін 1 доллардың құны 335-339 теңгеге дейін жетеді дейді сарапшылар.

Павел Афанасьев, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылар бөлімінің директоры:

"Тамыздың аяғында теңге күрт арзандауы мүмкін. біздің зертеуге қатысқан сарапшылардың пікірінше, теңге 50 тиыннан бастап 1,5 теңгеге дейін төмендейді. Доллардың орташа бағаны болжау өте өте қиын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу