Теңге нығая түсті

680

Кешкі сауда 1 доллар 426, 12 теңге көрсеткішімен жабылды.  

Теңге нығая түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2021 жылғы 18 мамырдағы таңғы саудада доллардың орташа бағамы 426,43 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz

17 мамырдағы 11:00-дегі мәліметтермен салыстырғанда (1 доллар үшін 427,14 теңге) ұлттық валюта долларға қатысты 0,71 теңгеге нығайды.  

Ал кешкі сауда 1 доллар 426, 12 теңге көрсеткішімен қорытындыланды. 

Kurs.kz-тің хабарлауынша, елордалық ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы 426-427 теңгеден, Алматыда - 427-428,5 теңгеден сатылуда.

 Ұлттық Банктің 18 мамырдағы ресми (нарықтық) бағамы бір доллар үшін 427,41 теңгені құрайды.  Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы келесі күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу