Тамыз айының қорытындысы бойынша ұлттық валюта рубльге шаққанда нығая түсті, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда рубльдің ресми бағамы – 4,77 теңге (бір айда -11 тиын).
Десек те, теңге долларға шаққанда аздап түсті. Америкалық валюта бір айда 13,62 теңгеге артты. Бұл – 2022 жылдың маусым айынан бастап есептегенде айлық ең жоғары өсім. Доллардың ресми бағамы – 459,69 теңге.
Еуроға келер болсақ, ол үшінші ай қатарынан қымбаттап жатыр. Тамыз айында 7,72 теңгеге артып, 499,82 теңгені құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу