Теңге – ТМД елдері бойынша кірісі жоғары активтердің бестігіне енді

1520

Әлем бойынша кірісі жоғары активтер көшін күміс, алтын, платина сияқты бағалы металдар бастап тұр.  

Теңге – ТМД елдері бойынша кірісі жоғары активтердің бестігіне енді

Төл валютамыз нығайып келеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір долларға шаққандағы бағамы – 376 теңге, 67 тиын. Блумберг терминалы ұсынған ақпаратқа назар аударсақ, теңге ТМД елдері бойынша кірісі жоғары активтердің алғашқы бестігінде тұр. Бірінші орында Армения валютасы, содан кейін Әзербайжанның манаты, Беларусь рублі. Төртінші орын Грузия лариіне тиесілі. Кірісі төмендер қатарында Өзбекстан, Украина, Тәжікстан валюталары бар.

Естеріңізге сала кетейін, соңғы 1 айда төл валютамыздың АҚШ долларына шаққандағы бағамы 375-380 теңге аралығында болды.  Сарапшылар биыл валютамыз нығаятын болса, 1 доллар – 370, егер құлдыраса, 410 теңге болады деп болжам жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу