Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 тамыздағы доллардың орташа бағамы 331,55 теңге болды. 4 тамыздағы таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда, ұлттық валюта 1,81 теңгеге жоғарылады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу