Теңге жыл басынан бері 4 пайызға нығайды - Ақышев

610

Теңге жыл басынан бері 4 пайызға нығайды - Ақышев

Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференцияның басында бас банкир экономикалық ахуал туралы айтып берді.

"Жыл басынан бері инфляцияның төмендеуі байқалады. Қазір инфляция көрсеткіші 6,8 пайыз. Бұл биылғы инфляция дәлізіне (5-7 пайыз) сәйкес келіп отыр. Алтын валюталық резервтеріміз 3,2 пайызға, яғни 31,7 млрд долларға жетті. Ұлттық қор активінің көлемі 58,3 млрд долларға жетті. Қазақстанда теңге өтімділігі шамадан артып тұр. Қысқа мерзімді ноттарды пайдаланудың арқасында оның көлемі 4 трлн теңгеге жетті. Құралдар бойынша табыс төмендеп келеді, ноттар бойынша табыстылық 4,02%",- деді Ақышев.

Бас банкир теңгенің ахуалы туралы да айтып өтті.

"Жыл басынан бері теңге 4 пайызға нығайған. Теңгеге сұраныс қаңтарда артты. ЕДБ қаңтар айында 830 млрд теңге көлемінде несие берген. Несие бойынша пайыздық көрсеткіш 14,7%-ға жетті",- деді Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу