Теңгеде депозиттер бойынша 10% сыйақыны кімдер ала алады?

Оған 5 млн-нан астам салымшы өтініш беруге құқылы, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Теңгеде депозиттер бойынша 10% сыйақыны кімдер ала алады? Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың 2022 жылы 23 ақпанды қоса алғанда ашылған теңгедегі депозиттері бойынша 10% көлемінде өтемақы (сыйлық) төлеуге өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

Өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш беру арқылы келісімін растауы керек. Кейбір банктерде төлемге өтінішті онлайн беру мүмкіндігі бар.

 Әр банк өз бетінше анықтайтын өтемақы төлеудің шарттарын, тәртібі мен мерзімін білу үшін салымшылар депозит ашылған қаржы ұйымына тікелей хабарласуы қажет. Тиісті ақпарат қаржы ұйымдарының ресми сайттарында да бар.

 "Біз салымшыларды өтемақы алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Егер сізде 2022 жылдың 23 ақпанына дейін депозит болса, сіз бұл сыйақыны алуға құқылысыз. Өтемақы үшін депозиттің максималды сомасы 20 млн теңге болғанына қарамастан, статистика көрсеткендей оны алуға құқылы салымшылардың депозиттерінде негізінен 1 млн теңгеге дейін қаржы бар", – деді Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Әділ Өтембаев.

Төлемдерді банктер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін ережеде белгіленген мерзімде жүргізетінін еске саламыз.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 5 млн-нан астам адам өтемақы ала алады.  Оның ішінде салымшылардың 97%-ының 5 млн теңгеге дейін депозиті болса, оның басым бөлігінің (86%) 1 млн теңгеге дейін салымы бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу