Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті

85

Бұл туралы Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады.  

Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті Фото: finratings.kz

Аталған өзгерістер Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтергеннен кейін байқалып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылы желтоқсан айының соңында депозит нарығының барлық негізгі сегментінде мөлшерлемелердің өсуі тіркелді.

Қордың дерегінше, желтоқсанда талап етілмелі депозиттер бойынша мөлшерлемені 2 банк, толықтыруға болатын мерзімді салымдарда 3 банк, жинақ депозиттерінде 12 банкке дейін көтерген. Ең жоғары өсім мерзімді және жинақ депозиттерінде байқалып, қысқа мерзімге ашылатын салымдар бойынша жылдық табыстылық 20-20,5 пайызға жеткен.

Талап етілмелі депозиттер сегментінде де өсім бар. Жыл басында ең жоғары мөлшерлеме 15 пайыз шамасында болса, жыл соңында 16,9 пайызға дейін артты. Нарықтағы орташа көрсеткіш 15,3 пайызды құрап, мұндай депозит ұсынатын банктер саны 18-ге жетті.

Қор салымшыларға депозит таңдағанда тек жоғары пайызға емес, шарттарына, қаражатты мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне және банктің тұрақтылығына назар аударуға кеңес береді.

Кепілдендірілген өтемақы көлемі теңгедегі жинақ депозиттері бойынша 20 млн теңгеге дейін, өзге теңгелік салымдарда 10 млн теңгеге дейін белгіленіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу