Теңгедегі депозиттер биыл 5,8 пайызға өсті

991

Нәтижесінде депозиттердің жалпы көлемі 17,1 трлн теңгеге жетті.

Теңгедегі депозиттер биыл 5,8 пайызға өсті

Қазақстанның халықаралық резервтері 2018 жылдың соңында 88,6 млрд АҚШ доллары болып қалыптасты, бұл ІЖӨ-нің 52%-ын құрайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков сенаттың кеңейтілген отырысында айтты.

Ұлттық банктің алтынвалюта активтері 30,9 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың валюталық активтері 57,7 млрд АҚШ долларын құрады.

"Шетел валютасындағы салымдарды теңге салымдарына ауыстыру үрдісі жалғасуда. Теңгедегі депозиттер өткен жылы 4,5%-ға, ал биылғы жылдың 4 айында тағы да 10,1 трлн теңгеге дейін 5,8%-ға өсті. Доллар баламасындағы, яғни бағамдық айырманың әсер етуі ескерілмеген валюталық салымдар тиісінше 6,9%-ға және 21,1%-ға қысқарды. Нәтижесінде депозиттердің жалпы көлемі 17,1 трлн теңгеге жетті, ал депозиттердің долларлануы 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша 41,0%-ға дейін төмендеді", – деді Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу