Теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы алу жолдары

1088

Банк салымшылары 1 қазанға дейін өтініш беруі керек.

Теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы алу жолдары

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2023 жылдың ақпан айында 10% көлемінде өтемақы алуға үміттенетін банк салымшыларына арналған жаңа ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы министрлігі банк салымшылары 1 қазанға дейін өтініш беруі қажет екенін алға тартып отыр.  

Қаулы жобасында көрсетілгендей, келісімі расталған салымшыларға өтемақы осы өтініш негізінде төленеді.

Ал оны уақытында тапсырмаған салымшыларға өтемақы төленбейді.

Естеріңізге сала кетейік, 10% мөлшерінде өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанында депозитте жинақталған сомаға есептеледі. Бірақ төлем ең көп дегенде 20 млн теңге салымға қарастырылған. Өтемақы төлеу 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін жүзеге асырылады.  

Айта кететіні, 2022 жылдың ақпан айында Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасын жариялады. Бірлескен мәлімдемеге сәйкес теңгедегі депозиттер үшін мемлекет пайыздық мөлшерлемеден басқа депозит сомасының 10%-ы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. 

Бағдарламаны әзірлеушілердің мақсаты – қазақстандық инвесторларды қолдау және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу